Өнеркәсіп

Экологиялық таза қазандықтар

Александр Топченко- «Сапро-НАТ» ЖШС директоры.

-Осыған дейін қазандықтар жайын ешкім қозғамаған болатын. Қазір көп жерлерде олардың тозығы жеткен. Енді біз мемлекеттік жекенменшік серіктестік аясында бұл қазандықтарды шығарып, жөндеп, орнатып, жылумен қамтуды көздеп отырмыз. Қазір Тимирязев ауданында бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр.

3 жыл бұрын аталмыш істі қолға алғанда кәсіпорын тек қазандықтар жасаумен айналысыпты. Кейін жылумен қамту және экологиялық тазалықты сақтау бағытындағы жобаларын қорғап, мемлекеттік грантқа қол жеткізіпті. Соның арқасында 70 млн теңгеге құрылғылар алып, жаңа өндірісті іске қосқан. Мына құрылғы кәдімгі қаңылтырды ең алдымен бүгіп, кейін доға қалыпқа келтіреді. Оның құны 10 млн теңге. Кәсіпорында шығарылатын модульдік қазандықтар қазір үлкен сұранысқа ие. Мынадай ангарлардың ішінде пештің өзі, одан шыққан қалдықтар мен отын болады.

Александр Топченко- «Сапро-НАТ» ЖШС директоры.

-Бұл қазандықтар өте тиімді болып табылады. Әр екі күнде оған екі сағат бөліп отырсаң болғаны. Екіншіден, бұлардан экологияға шығатын зиянды қалдықтар кәдімгі пештерге қарағанда 8 есе аз. Бұлардың бағасы қымбаттау. Толық осындай жылыту кешені 9 млн теңге тұрады. Бірақ ол мектеп, аурухана болсын кез келген нысанның маңын қалыпты жағдайда ұстауға көмектеседі.

Бүгінге дейін облыс бойынша 30 осындай қазандық орнатылыпты. Тамыз айында кәсіпорын Степногорск қаласынан жасалған тапсырыстарды оындайтын болады. Жалпы мұнда 30 адам еңбек етеді.

 

 

Магжан Ахмадина.