МТРА жаңалықтары

Биыл мүгедектерді оңалту шипажайларында 866 адам ем-дом алады

Оның өзін жақсы сезінуіне мұндағы түрлі жабдықтардың тигізер әсері мол. Бақытжан Рамазовтың жанын жай таптыратыны – алтайдан әкелетін шөп қоспалары пайдаланылатын мына «Фитобусауна» жабдығы екен. Жүрегіне екі рет ота жасатқан 64 жастағы азамат, бұл жерге келгелі денсаулығым әжептәуір оңалып қалды дейді.

Бақытжан Рамазанов, “Солнечный” шипажайындағы емделуші.

-Мына физиокабинетте механикалық массаждың түр-түрін алуға болады. Мысалы “Вибромассажстоп» аппараты қарттардың аяғындағы қан айналымын жақсартуға септеседі. Шипажайда «Фитобар» деп аталатын бөлме де бар. Мұнда емделушілерге күніне бір мезгіл «Армед» құрылғысының көмегімен жасалған шипалы сусын ұсынылады. Айта кету керек, жаныңа жай таптыратын «Арома терапия» бөлмесі тіпті ерекше.

Бұл әуен «Жұмақ бағы» деп аталады. Түрлі түсті жарықтандырғыш құрылғысы да жанға ләззәт сыйлайды. Ал бөлмедегі аңқып тұрған жағымды иістің сыры бөлек. Тынысты ашатын түрлі майлар құйылған «Фитотрон Аэромед» құрылғысы жұмыс істеп тұрғанда 15 минут демалған адамның ұйқысы тыныш болады.

Надежда Завьялова, СҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектерді оңалту бөлімінің басшысы.

– Бізде мүгедектерді оңалтумен айналысатын екі шипажай бар. Бірі облыс орталығындағы “Солнечный” және Ақмола облысындағы “Зеленый бор”. Тегін жолдама – мемлекет бюджетінен бөлінген қаражат есебінен мүгедектер мен науқас балаларға беріледі. Оларға ағымдағы жылы екі шипажай бойынша 866 жолдама берілді. Қазір келесі жылы демаламын деушілерден құжат қабылданып жатыр.

Биыл «Солнечный» мүгедектерді оңалту ошағына 50 солтүстікқазақстандық тегін жолдамаға ие болды. Жылына 3 рет мүгедек жандарды қабылдайтын ошақта дәл қазір 15 адам ем-дом алуда.

 

 

Акбопе Танирберген.