МТРА жаңалықтары

Заңбұзушылықтарға жол бермеу

Нәтижесінде тәртіптік кеңесте қызметіне толық сай емес деген шешім шығарылды. Кейін Мамлют және Тимирязев аудандарында бармақ басты, көз қыстылықпен күрес жұмыстары қалай жүргізіліп жатқандығы сөз болды.

Бұдан соң жиында ғасыр кеселі- нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу тұрғысында атқаралып жатқан шаруа талқыланды. Бүгіндері учаскелік инспекторлардың есебіне ішімдікке әуес 4 мыңнан астам солтүстікақазқстандық алынған. Тағы 421 нашақор жерлесіміз бар онда. Олардың 14-і кәмелетке толмағандар екен.

Сайлаубек Мусин- СҚО ІІД ӘПБ бастығының міндетін ақтарушы.

– Ішімдікке әуес жандар құқық бұзушылықтар жасамас үшін олар арнайы уақытша оңалту орталықтарына жөнелтіледі. Жыл басталғалы бері ондай мекемелерге 2 мыңнан астам солтүстікқазақстандық жеткізілген. Тағы дертінен айыққысы келмейтін 95 жерлесіміз еркінен тыс емделуге жіберілді. Бүгіндері 159 облыс тұрғыны ем қабылдауда. Айта кету керек, Жамбыл ауданындағы Благовещенко елді-мекенінде орналасқан наркологиялық емдеу мекемесінде осыған дейін жатын орын 250-ден 150-ге дейін қысқартылған болатын. Сондықтан қазір жетіспеушілік байқалады.

Бұл еркінен тыс емдеуге жіберушілерді қабылдауға кедергі келтіреді. Тәртіп сақшылары емхананы кеңейту жөніндегі проблеманы бірнеше рет көтерген екен. Алайда жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов бұл мәселені қарастыратындығын жеткізді. Кейін сөз кезегі Ақжар ауданының әкімі Серікпай Тұралиновке берілді. Ол ауданда қылмыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың нәтижесімен бөлісті.

Серікбай Тұралинов- Ақжар ауданының әкімі.

-Ауданда атқаралып жатқан жұмыстарға қарамастан, жыл басталғалы бері қылмыстар саны өскен. Былтыр 69 болса, биыл 89. Яғни 29 пайызға артып отыр. Қылмыстарды ашу көрсеткіші 87,7 пайызды құрады. Көбіне біреудің мүлкін қолды қылу фактілері өршіп тұр. Ондай қылмыстар саны 57.

Уәлиханов ауданында да қылмыстар саны былтырғымен салыстырғанда артып отыр. Өткен жылдың 5 айында 58 факт тіркелсе, биыл 84. Бір қуантарлығы оларды ашу көрсеткіші бір орында қалып қоймай, өскен.

Аман Төрегелдин- Уәлихан аудананың әкімі.

-Биыл ауданда кісі өлімі, адам денсаулығына қасақана зардап келтіру, көлік ұрлығы, алаяқтық, зорлау фактілері тіркелмеген. Тағы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар жоқ. Ауданда ірі жол-көлік оқиғалары да орын алмады.

Жиын соңында өңір жетекшісі комиссия мүшелері айтқан барлық мәселелерді бақылауға алуды қадап айтты.

 

 

Магжан Ахмадина.