Спорт

Теріскейде гір көтерумен қол күресінен республикалық сайыс жалауын көтерді

Елена Костенко – гір көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

-Бүгінгі сайыста маған 18 спортшы қарсыластық танытпақ. Олар өте мықты. Өзім бұл жарысқа қараша айынан бастап дайындалдым. Сондықтан да, үздік үштікке кіремін деп үміттенемін.

Ереже бойынша, әр спортшыға 10 минут беріледі. Ол уақыт аралығында жұлқа тарту мен серпе көтеру қос сайысында ең көп ұпай жинаған спортшы жеңіске жетеді.

Құрманғали Батырбаев – гір көтерумен қол күресінен ҚР вице-приезиденті.

-Петропавлда гір көтеруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Бұл дүбірлі дода, әлемдік чемпионатқа іріктеу болып табылады. Жеңіске жеткен спортшылар Ирландия елінің Дублин қаласында өтетін байрақты бәсекеде бағын сынайтын болады.

Аталмыш жарыс теріскейде 2 күн бойына жалғаспақ. Спортшылар гір көтеруден кейін, келесі күні қол күресінен бақ таластыратын болады.

 

 

Саганыш Маркашева.