МТРА жаңалықтары

СҚО ҚР Конституциясына 20 жыл толуына орай дебат турнирі өтеді

Алимана Жанмұқанова – “Анарыс” дебат клубының жетекшісі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.


– Бұл семинарда мен жалпы дебат жайлы мағлұмат беремін. Сонымен қатар пікір-сайыстың форматтарын түсіндіремін. Жиын соңында көрнекі ойын қарастырылған.


Бүгінгі тренингке қатысып отырған жастардың қарасы қалың. Барлығы облыстың атынан додаға түскілері келеді. Олардың қатарында медициналық колледжінің студенті Рүстем Арманов та бар. Болашақ фельдшерге дебат сайысы таңсық емес. Мектеп қабырғасында да осы тектес турнирларға қатысқан. Бүгінде “Еркін пікір” дебат клубының белді мүшесі.

Рүстем Арманов – “Еркін пікір” дебат клубының мүшесі, Петропавл медициналық колледжінің студенті.


– Бұл семинарда мен өзіме керек мол мағлұмат ала алдым. Осы арқылы мен ұйымдастырылатын турниде жақсы өнер көрсетемін деген ойдамын.

Жалпы өңірімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл толуына орайластырылған республикалық дебат турнирі маусымның 20-сы, 21-і күндері өтпек.

 

 

 

Риат Шони.