Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлдықтар Қазақстан Халқы Ассамблеясының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенкомен кездесті

Олар 5 институционалдық реформаны жүзеге асырудағы Елбасымыздың жариялаған 100 нақты қадамның тиімді тұстарын ұйып тыңдады.

Леонид Прокопенко – ҚР Президенті әкімшілігі Қазақастан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

– Біздің болашағымыз осы реформалармен тікелей байланысты. Алдымен, Елбасымыз 5 институционалды реформасын ұсынды. Кейін оның төңірегінде «ұлт жоспары 100 нақты қадамын» жариялады. ҚР Президенттікке қайта сайлануы мен еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылында болып жатқаны маңызды. Өйткені бірлік пен тыныштықтың болуы үшін біз үлкен жұмыс жасаудамыз. Бұл – республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор ықпал етеді.

Жиын барысында солтүстікқазақстандықтар тарапынан Леонид Прокопенкоға 40-қа жуық сұрақ қойылып, ұсыныстар жасалды. Олар Ақордадан келген мейманға тұщымды ақпарат үшін ризашылықтарын білдірді.

Наталья Хан – облыстық Ассамблеяның кооперативті қоры директорының орынбасары.

– Леонид Прокопенко 100 қадамның іске асуы үшін жүргізіліп жатқан қызу жұмыс жайында әңгімеледі. Сонымен қатар, ол солтүстікқазақстандықтар еліміздің дамуына үлкен үлес қосатынына сенім білдірді. Бұл бізді бір серпілтіп тастады.

“Нұр отан” партиясының кезекті съезінде Мемлекет басшысы атап өткендей «Бұл стратегиялық жоспар Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға әрі күрделі кезеңнен сенімді өтуіне қажет «беріктік қорын» жасап бермек.

 

 

Айгерим Ержанова.