МТРА жаңалықтары

Петропавлда 10,7 шақырым жылу жүйелері ауыстырылуда

Жалпы барлық жұмыстар мамырдың 25-і басталған. Әуелі сынақ өткізілді. Енді міне ақауы бар жерлер жөнделу үстінде. Олардың саны 40. Қосымша тұтынушылар желісінде де бар. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезде ыстық сумен жабдықтау орталығы уақытша сөндірілген. Соның салдарынан бүгінде қала бойынша 160 үйде ыстық су жоқ. Кей баспаналарда ол 1 ай, ал кейбіреуінде ол 2 күн болмайды. Барлығы зақымданудың күрделілігіне байланысты.

Игорь Рыбас – «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС бас директоры.

– Ыстық судың сөндірілетіні туралы біздің ресми сайтта жарияланған. Және оны қалалық әкімдікке де бердік. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айына, яғни кезекті жылыту маусымына дейін жүреді. Мұның барлығы қыстыгүні жүйенің еш ауытқусыз жұмыс істеуі үшін жасалуда.

Қазір участокта 12 бригада еңбектенуде. Әрбіреуінде 4-5 маманнан жұмылған. Жұмыстарға 60 техника тартылыпты. Жоспар бойынша күрделі жөндеу 10,7 шақырым жылу құбырына жүргізіледі. Оның 3 шақырымға жуығында барлық жоспар орындалған. Жалпы 2015 жылы облыс орталығында жылумен қамту жүйесін дамытуға 2,5 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталмақ.

 

 

Риат Шони.