Құқық қорғау органдары

Халықаралық темір жол өткелдеріндегі қауіпсіздік күніне орай іс-шара өтті

Евгений Гокин – СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы жол-көлік инспекциясы бөлімінің инспекторы

– Теміржол транспортымен автокөлік қақтығыстарының алдын алуымыз қажет. Осы тұрғыда біз жиі рейдтік шараларды ұйымдастырамыз. Басты мақсатымыз жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау.

Теміржолшылар полиция қызметкерлерімен бірге жүргізушілерге жол көлік апатының зардаптары бейнеленген ескертпе қағаздар таратты.

Вадим Мамонтов – Петопавл жолдар бөлімшесінің бөлім басшысы

–  Бүгін біз 2014 жылы темір жол өткелдерінде орын алған жол көлік апаттары бейнеленген қағаздарды тараттық. Тағы да бір мәрте автожүргіншілерге жол қауіпсіздігін сақтау керектігін шақырдық.

Алдағы уақыттарда сақтандыру шаралары облыс аумағында жалғасатын болады.

Айгерим Ержанова.