МТРА жаңалықтары

СҚО-да тағамға санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жалғасуда

Эрна Фирсова – СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің санитарлық-гигиеналық лабораториясының меңгерушісі

– Бізде 8 шағын лаборатория бар. Оның үшеуінде тағам өнімін зерттейміз. Бізге 197 тағам сынамасы келіп түсті. Оның барлығы да зерттеліп, үш күн ішінде қорытынды шығарылды. Кейін біз жазбаша протокол толтырып, оны тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тапсырамыз. Ал олар болса, заң бұзған кәсіпорын иелерімен жұмыс жасайды.

Сөйтіп, бірінші мониторинг қорытындысы бойынша Петропавл қаласының сауда үйлері мен супермаркеттегі тауарлардан санитарлық-эпидемиологиялық заң бұзушылық анықталмаған. Тек техникалық регламент пен ұлттық заңдылықтардың талаптарына сәйкес келмейтін 499 кг тағам саудадан алынып тасталыпты.

Наталья Беляева – СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім жетекшісі

– Біз Петропавлдың сауда нүктелерінен алынған тауарларға мониторинг жүргүзудеміз. Бірінші тексеріс қорытындысы бойынша 265 келі май, 58,9 литр сүт және 175 кг ет өнімдері дүкен сөрелерінен алынды. Олардың барлығында қазақ тілінде ақпарат болмай шықты. Сонымен қатар, арнайы белгі де қойылмаған.

Таңбалау бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер “Таткрафт Инвест”, “Семейный” гипермаркеті, “Көктөбе” және “Пирамида” сауда үйлерінен табылған. Аталған кәсіпорын басшылары жасалған қатаң ескертуден кейін бұл олқылыққа тағы да жол беретін болса, айыппұл төлейтін болады. ҚР Әкімшілік Кодексіне сай оның көлемі 100-ден 200 айлық есептік көрсеткішке дейін

 

Айгерим Ержанова.