МТРА жаңалықтары

Қазақ хандығының 550 жылдығына тарту

Сәуле Мәлікова, Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының директоры

– Ресей мен Қытайдан келген материалдар жайлы. Пекиннен келген құжаттарда Қытайға елшілікке барған Абылайдың 20 ұлының есімі тізімі жазылған.

Мұнда шығыстанушы Меруерт Абусейітованың көмегімен Пекиннен 20-дан артық, Ал Ресей мемлекеттік көне құжаттар мұрағатынан – 100-ден астам құжаттың көшірмелері әкелініпті. Жергілікті мұрағат қорында негізінен 16-19 ғасыр құжаттары сақталған. Айтулы тарихи мерейтой қарсаңында СҚМУ профессоры, Абылайтанушы Зарқын Тайшыбай осындағы таптырмас тарихи деректерге сүйеніп, «Қазақтың ханы Абылай» атты қос томдықты шығарған.

Мереке Баймұқанов, СҚО мемлекеттік мұрағатының құжаттарды пайдалану мен жариялау бөлімінің жетекшісі

 

– Бұл құжат Ресей елінен әкелінген. Елизавета 2-шінің Абылай ханды кіші жүздің ханы етіп сайлап, оған берген құжаты. Түп нұсқадан көшірілген.

Сондай-ақ, мұнда қаламызда орналасқан Абылай ханның резиденциясына қатысты нақтылы декетер де жетерлік. Мысалға 1926 жылдың өзінде Бостандық туы газетінде жарияланған Үкілі Ыбырайдың «Абылайдың ақ үйі» атты өлеңін алуға болады. Бүгінгі күнде хан ордасына қатысты екі жақты пікірдің қалыптасқаны да жасырын емес.

– 2007 жылы Ресейдің сыртқы саясаты мұрағатынан келген құжаттарда Абылайдың ақ үйі дәл осы жерде 1765 жылы салынған деп жазылған. Облыстық мұрағаттағы деректерге сүйенсек, ағаштан салынған үй өртеніп кетіп, орнына ел айтып жүрген әскери лазерат тұрғызылған. Одан кейініректе барып, Абылай ханның резиденциясы қайта қалпына келтіріліп, қазіргі кейіпіне енген.

Ақбөпе Тәңірберген.