МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Шуақты Саяжол” атты фотокөрме ашылды

Татьяна Дель – “Шуақты Саяжол” фотокөрмесін ұйымдастырушы

– Даун синдромына шалдыққан балалардың халін түсінбейтін, сыртынан мысқылдайтын адамдарға осы көрме арқылы балғындарымыздың қарапайым екендігін көрсеткіміз келді. Оларда өзгелері сияқты өсіп-жетіледі, тек баяу дамиды. Қоғамға осыны дәлелдегіміз келді.

Жалпы фотосуреттер көрмесі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған екен. Мұнда 60-қа жуық түрлі-түсті суреттер ұсынылған. Керемет туындылардың түсіріліміне 21 балғын қатысқан екен. Әр балаға арнайы тақырып ойластырылып, көңіл-күйін аулау қажет болды дейді фотосуретші Наталья Халикова.

Наталья Халикова – “Шуақты Саяжол” фотокөрмесінің фотосуретшісі

– Бұл балалар өзгелер секілді емес. Кез-келген нәрсеге қызығушылық танытады. Әр түсірілім шамамен 40 минутқа созылады. Барлық жұмыс 1,5 ай ішінде жасалды. Балалармен тез тіл табысып, әзілдесіп уақыт өткіздік.

“Шуақты Саяжол” фотокөрмесі жаз айлары бойы жалғаспақ.

 

 

Риат Шони.