Білім

Білім саласын дамыту басты назарда

«Не ексең, соны орасың» демекші, ең алдымен балаға дұрыс тәрбие мен білім берілуі тиіс. Ал бұл жұмыстардың атқарылуын осы жандар қадағалайды. Бүгінгі күні 3- тен 6 жасқа дейінгі балғындарды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтуда бірқатар мәселелер туындауда. Облыс орталығында әлі күнге дейін 4300-ден астам бүлдіршін өз кезегін күтуде. Осы проблеманы шешу үшін балабақшалар салу және мемелекеттік- жекеменшік әріптестікті тарту көзіделіп отыр. Солай мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткішін 89,2- ден 96,8 пайызға жеткізу көзделіпті. Өткен апта бойы барлық мектеп ұстаздары мен баласы 11 сынып бітірген ата- аналардың көңілі күпті болды. Бүгіндері сынақ бітті. Жалпы алғанда облыс бойынша нәтиже жаман емес. Жоғарғы көрсеткіштерді Петропавл, Аққайың, Уәлиханов, Тимирязев және Қызылжар аудандарыдының оқушылары көрсеткен.

Шолпан Каринова- СҚО білім басқармасының басшысы

– ҰБТ қортынсыдысы бойынша төмен көрсеткішті. Айыртау ауданы- 71,1 балл. М.Жұмбаев ауданы- 72,2 бал және Есіл ауданының түлектері 72,9 балды жинады.

Бүгіндері өңірде апаттық мектептердің мәселесін шешу мақсатында Ғ.Мүсірепов және Мамлют аудандарында мектептер салынып жатыр. Ағымдағы жылы мектептерді оқулықтармен қамту үшін облыстық бюджеттен 426 млн теңгеден астам қаржы бөлініпті.

Мағжан Ахмадина-МТРА тілшісі

– Балалароды жазғы демалыспен қамту мәселесі қалай шешілуде? Қанша лагерь жұмыс істейді?

Шолпан Каринова- СҚО білімбасқармасының басшысы

– 17 лагерь жұмыс істейтін болады. Қазір олар тексерістен өтіп, 8 маусым ашылатын болады.

Бүгіндері мектептерді оқу жылына дайындау жұмыстары қызу қарқында жүріп жатыр. Жиында айта-айта жауыр болған Назарбаев зияткерлік мектебінің жайы тағы әңгіме өзегіне айналды. Қазір онда монтаждау жәіне аббатандыру жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы оқу жылы ол есігін айқара ашпақ. БАҚ өкілдері теріскейде қазақ тілді мектептердің аздығы мен аз қамтылған оқу ордаларының жайын сұрастырды.

Шолпан Каринова- СҚО білімбасқармасының басшысы

 

– Өңірде 890 аз қамтылған сыныптар бар. 1800 оқушы көршілес елді- мекендерге тасымалданып оқытылады. 62 автобус тасымалдайды оларды.

Жиында кәсіптік білім беретін мекемелердің жайы да сөз болды. Өңірде дуалды оқыту жүйесі бойынша 9 колледж жұмыс істейді. 2200 студент аймағызымыдың 44 кәсіпорынында теориямен практиканы қатар ұштастырып жүр.

Магжан Ахмадина.