МТРА жаңалықтары

Түмен облысының бизнес-делегациясы байланыстар биржасы жұмысына қатысты

Александр Зайцев- «Ялуторовский» азық-түлік қондырғылар зауыты» ЖШҚ директоры, Түмен облысы, РФ


– Біз Астаналық кәсіпорынмен жұмыс жасап жатырмыз. Ал өңірлеріңізге алғаш рет келдік. Бизнесмендермен енді танысып жатырмыз. Алдағы уақытта әріптестік орнатуға ниеттіміз. Өйткені өңіріміз көршілес орналасқан. Ол екіжаққа да тиімді болады.

СҚ өңірі мен шекаралас Түмен облысы арасында тығыз іскерлік қарым-қатынас әуелден бар. Жалпы бүгіндері көршілес Ресеймен арадағы сауда-саттықтың 10 пайызы осы Түмен облысына тиесілі екен. Енді оның санын арттырып, нығайтып қана қоймай, жаңа әріптестік бағытын кеңейтетін кез келді. Көпшілігі тәжірбие алмасуды көздейді.

Владимир Козлов- «Мир аттракционов» ЖШС құрылтайшысы, ҚР

– Есіл қаласынан келген «Дилайт» компаниясы біздің кәсіпорынның жұмысын көріп, тәжірбие алмаспақ ниетте. Олар бизнесімізбен танысып, істі қалай жүргізіп жатқанымызды бақылайды.

Бүгінгі кездесуге өнеркәсіп, құрылыс, машина жасау, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласынан -14 кәсіпкер келген.

Галина Дворцова- СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы

– Бұл кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отырған 7-ші осындай кездесу. Өңірімізден оған 40 кәсіпорын өкілі қатасып отыр. Мұнда екіжақтың бизнесмендері танысып, тілдесіп, барлық мәселелерді шешуге және жалпы әріптестиік орнатуға мүмкіндік алады.

Келесі осындай кездесу қыркүйек айында өткізіледі деп жоспарланған.

Магжан Ахмадина.