МТРА жаңалықтары

“Hyundai” автокөлігін 4 %-дық мөлшерлемемен алуға мүмкіндік бар

Денис Иванов- «Астана моторс» компаниясының басқарушы директоры

– Біз отандық автоөндірісті қолдау бағдарламасының қатысушыларымыз. Ол “Бәйтерек” және “Қазақстанның даму банкі” аясында құрылған. Бұл – жеке кәсіпкерлерге темір тұлпарларды жеңілдетілген несиемен рәсімдеуге үлкен мүмкіндік. Әсіресе, қол жетімді болғаны қуантады.

Өндірушілер отандық көліктерді алсаңыз ұтылмайсыз, оның артықшылықтары өте көп деп отыр. Құжаттарды ресімдеуде қиындық тумайды, қосалқы бөлшектерді де қиналмастан, қалаған уақытында алып тұрасыз. Бастысы-бағасы қолжетімді. Яғни, қосымша құн салығы жоқ. Бұл дегеніміз автокөліктің бағасы 12 пайызға қысқарады деген сөз. Кәсіпкерлер бағдарламаға қызығушылық танытып отыр. Әсіресе жеңілдетілген несиенің берілуі кәсібін жүргізем деушілерге өріс ашпақ.

Гүлшат Шакирова – «Сафокл-север WM» ЖШС директоры

– Мен көлік алудың тиімді жолдарын бұрыннан қарастырып жүргенмін. Бүгін «Астана моторс» кампаниясының отырысында сапалы көлікке жеңілдетілген несие арқылы қол жеткізе алатынымды білдім. “Сафокл-север” ЖШС негізінен түрлі станоктарды өндіреміз. Ал, алдағы уақытта үйді, құбырды, көліктерді қаптауға арналған жылытқыш материалды саудаламақ ниеттеміз. Ол өнімді тасымалдау үшін кішігірім жүк газелін алуды көздейміз. Мұнда оны арзан бағаға рәсімдеуге болатын сияқты.

Жалпы, жеңілдетілген несие көлемі шектеулі. Ағымдағы жылы ел азаматтары “Hyundai” маркілі 200 автокөлік ала алады.

Акбопе Танирберген.