Спорт

Петропавлға каратэден Ресей құрамасының эск-тренері Олег Цой келді

Олег Цой – Каратэден Ресей құрамасының экс-тренері

– Каратэінің түрлері қазіргі кезде өте көп. Тіпті күн сайын жаңа түрі шығып жатыр десе де болады. Біз каратэшілердің деңгейін арттыру үшін арнайы келдік. Мықты спортшылардың арқасында каратэні Олимпиада спорт түрлерінің қатарына кіргізу ойда бар. Семинар үш күнге жалғасады, келеміз деушілерге есік ашық.

6-шы дан каратэ иегері залға жиналғандарға өз ақыл-кеңесін беруде.

Семинарға қатысушылардың жас ерекшелігінде шек жоқ. Алпысты алқымдаған каратэшілер мен бірге алтыдағы балаға дейін жаттығу жасауда. Каратэ әліппесін енді ашқандардың қатарында Ұлхан Ерғали да бар.

Ұлхан Ерғали- семинарға қатысушы

 

– Мен бес жастан каратэ мен айналысамын. Маған өте ұнайды. Бүгінгі семинар сабақтардың бізге берер пайдасы көп.

Алға қойған жоспарлар бойынша Олег Цой келесі жылдың қаңтар айында қаламызға келіп, кезекті дәріс сабақтарын өткізбекші.

Стажер.