МТРА жаңалықтары

Петропавлдықтар республикалық “Айбын” әсери-патриоттық жарысына қатыспақ

Сажида Сыздықова – Ғ. Мүсірепов атындағы №43 орта мектебінің оқушысы

– Біз бірінші рет елбасымыздың қатысуымен болатын “Айбын” әскери-патриоттық сайысына жол жүргелі жатырмыз. Республикалық деңгейдегі жарыста облысымздың намысын қорғап, жүлделі орынға ие болу үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

5 күнге созылатын жарыс Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қатысуымен өтпек. Бағдарлама бойынша сайысушылар кермеге тартылу, тирде винтовкадан оқ ату, жалпы әскерлік қорғаныш костюмін кию, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және АК-74 автоматын бөлшектеп, жинақтайды. Болашақ отанқорғаушылар үшін бұл жарыстың өтуі маңызды. Себебі әр кезеңде қатысушылар алғырлығын, шапшаңдығын жан-жақтылығын көрсетеді.

Қанат Сәдуақас – СҚО білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт және АӘД оқу-әдістемелік орталығының директоры

– Жалпы жарысқа облысымыздан 20 бала қатысады. Спортшыларымыз намысты қолдан бермей, Қарағанды облысынан жеңімпаз болып келеді деген үміттемін.

Жарысқа еліміздің 16 өңірінен 800-ге жуық спортшы қатысады.

 

Айгерим Ержанова.