МТРА жаңалықтары

Петропавлда спорттық-балдық биден “Экзерсис – 2015” атты турнир өтті

Антон Лактюшин – “Александра” спорттық би шеберлігі мектебінің шәкірті  

– Біз жарысқа екі ай бойы дайындалдық. Бүгінгі сайыста жақсы өнер көрсетіп, жүлделі орынға қол жеткізетініме сенімдімін.

Спорттық сәнді би сайысына қатысып жатқан жұптардың саны 150-ге жуықтайды. Олар бидің 10 түрінен бақ сынайды. Соның ішінде, кең тарағаны – самбо, ча-ча-ча, румба. Сайыскерлер осал емес. Дені республикалық және қалықаралық жарыстарда топ жарған.

Игорь Ермоленко – ұйымдастырушы

– Бишілер Павлдодар, Қарағанды, Степногор қалаларынан да келіп отыр. Біз бұндай дәрежедегі сайысты жыл сайын ұйымдастырамыз.

Спорттық сәнді би жарысында жеңіске жеткен жеткіншектер диплом және кубоктармен марапатталды.

 

 

Сагыныш Маркашева.