Білім

Петропавлда республикалық “Үздік педагог” байқауының облыстық кезеңі өтуде

Зухра Ауғанбаева, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық коледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің мұғалімі

– Байқауға тәжірибеммен қоса жалпы тұрғыда алғанда тұлғаның, өсу, қалыптасу, даму динамикасына байланысты өзімнің тұжырымдарымды, зерттеулерімді, ой-пікірлерімді алып келдім.

Сайысқа аудандық, қалалық кезеңнің 14 жеңімпазы қатысуда. Олар шығармашылық байқауда 4 турдан сүрінбей өтулері қажет.

Гүлдерай Қайнетова, “Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы” МКМ директоры

– Бірінші, өзін-өзі таныстырады. Екінші эссе жазады. Кейін психологиялық және педагогикалық тест сұрақтарына жауап береді. Соңынада ашық сабақ береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған байқауда мұғалімдер кәсіби деңгейін көрсетіп қоймай, сонымен қатар, соңғы жылдары білім саласына енгізіліп жатқан жаңашылдықтар мен өзгерістерге қаншалықты бейімделгендігін байқатуы тиіс.

Гүлдерай Қайнетова, “Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы”МКМ директоры

– Эссенің мазмұнында ұстаз педагогикадан, психологиядан бүгінгі күні еліміз ұстанып отырған білім саясатының принциптерінен дәлелдер келтіре білуі тиіс. Жалпы мұғалім Қазақстандағы білім берудің мазмұнын, ондағы жаңашылдықтарды дұрыс түсіну керек. Осыған біз мән береміз.

Жүлделі орындарға іліккендер диплом мен бағалы сылақтарды иеленеді. Ал облыстық кезеңде “Үздік педагог” атанғаны алда өңір намысын елордасы Астанада қорғамақ. Онда басты жүлдеге қомақты ақша тігілген.

Берик Касен.