Спорт

Петропавлда кекушинкай каратэден облыстық біріншідік өтті


Жарысқа 200 ден аса каратэші қатысуда. Олардың арасында қала мектептерінен бөлек Айыртау, Қызылжар аудандарынан келген жасөспірімдер де бар. Нұрбек Құдабаев бүгінгі біріншілікте үздік атансам дейді. Спортшы алғашқы екі сында қарсыластарынан басым түсті.

Нұрбек Құдабаев – каратэші, №7 орта мектеп

– Мен төрт жылдан бері кекушинкай каратэмен айналысамын. Маған өте ұнайды. Достарымның көбісі каратэмен айналысады. Бүгінгі кездесулерім сәтті өтті. Екі жекпе-жегімді жеңіспен аятадым. Бірінші орын аламын деген сенім бар.

Облыстық біріншілікке қатысып жатқандар жас ерекшеліктеріне байланысты топталған. Әр топтан үздік шыққандар өңір намысын ел біріншілігінде қорғайтын болады.

Владимир Витченко- “Бүкілқазақстандық кёкушинкай-каратэ ұйымының” СҚОФ директоры

– Бігінгі қорытынды чемпионаттың біздер үшін маңызы жоғары. Біз осындай жарыстар арқылы мықты каратэшілерді анықтай аламыз. Олармен болашақта жұмыстар жасап, ел чемпионаттарына қатыстыратын боламыз.

Чемпионат соңында жеңімпаздар кубок, медальдармен марапатталды.

 

 

Стажер.