МТРА жаңалықтары

Петропавлда иттердің байқау-көрмесі өтті

Ирландық бөрібасар тұқымдас Армани 2 жаста. Адамның төрт аяқты досының бұл түрі бұрынырақта – Ирландияда пайда болып, қасқыр аулауға пайдаланылған екен. Павлодардан 2 мың еуроға сатып алынған бөрібасар бұрын мұндай байқауға 6 рет қатысқан. Петропавлға 4-ші келуі. Бойшаң иттің түрі суық болғанымен, жалпы өте мейірімді дейді иесі – Анна Беккер.

Анна Беккер, Көкшетау қаласы.

– Бөрібасар тұқымдас иттер 2 мың жыл бұрын Ирландияда пайда болған деседі. Бұрын Қабан, қасқар аулауға пайдаланылған. Ал Арманидің түрі суық көрінгенімен, еш зияны жоқ, қабаған емес. Балаларыммен де ойнайды. Қазақстанның чемпионы атағын алған. Өзі көп күтімді де қажет етпейді. Әкесі – Мәскеуде, Шешесі – Алматыда. Таза қанды.

Мына ит Ханта-Мансисктен әкелінген. 3 жастағы Батыс Сібір лайкасы 2013 жылғы байқауда “Әдемі ит” атағына үміткер болған. Дәл осындай үй күзетшісінің күшігін сатып алуға бел бусаңыз, 35-50 мың теңгеге дейін шығындануға тура келеді.

Валерия Курякова, Петропавл қаласы

– Көбісі хаскаға ұқсатады. Ұқсастығы бар болғанымен Сібірлік лайканың тегі басқа. Әке-шешесі Қазақстан мен Ресейде ұйымдастырылған байқауларда чемпион атағын алған. Сондықтан оны – күнде аулада қыдыртып, жаттықтырамын. Жақсы күтім көрсетемін. Ол да чемпион атағын алуы керек.

Көрмеде иттердің – алабай, хаска, лабрадор, шпиц сынды 87 түрін кездестіруге болады. Оның ішінен жеңімпазды анықтау да оңайға соқпасы анық.

Стенд. Ал бұл, “Есіл өңірінің жұлдызы” атағына үміткер Петропавлдық Жирман. 1 жасқа енді толған лабрадор тұқымдас күшіктің құны 100 мыңнан – 200 мыңға дейін баратын көрінеді.

Байқау қорытындысында “Есіл өңірінің жұлдызы” атанған Кендидің құжат бойынша есімі – Фор Флер Даль Андж Аф Сноу Каунти. Оңтүстік Кореядан әкелінген, аса үлкен күтімді қажет ететін мальтезе күшікті әр сайысқа қожайындары түпкілікті даярлайды. Бұл ретте, жеңімпаздың иелері Дмитри Зубенко мен Анжелика Мусаева бүгінгі қуаныштарымен бөлісті.

Анжелика Мусаева, Омбы қаласы, РФ

– Жақында ғана Бакуден интер чемпион атағын алып келдік. Венгрия, Болгария, Ресей мен Турцияда өткен байқауларда чемпион атанды. Өте ақылды ит. Ұқыптап тазалап жуындырсам, жарысқа дайындап жатқанымды сезінеді. Әрине, көп күтімді қажет етеді. Бірінші бальзамдаймын, майлаймын, сосын барып жуындырамын. Тарап, жүнін қырқуға да уақыт керек. Бүгін 8-ші рет чемпион атанды. Өте қуаныштымыз. Бастысы еңбегіміз ақталуда.

Төртаяқтылардың байқау-көрмесі Петропавлда 1995 жылдан өтіп келеді.

 

 

Акбопе Танирберген.