МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көрген кәсіпкер

Келесі бір құрылғы санаулы минуттарда темірді керекті қалыпқа келтіреді. Ал бұрындары осы сынды түрлі бұйымдарды жасау үшін ұста жарты күнін сарп ететін.

Евгений Борисевич- «Борисевич» ЖК директоры, Қызылжар ауданы

– Бұл құрылғы темірді түрлі күйге келтіре алады. Міне мынадай ою осы станокпен жасалған. Бұрынғы ұсталар сияқты көп күш, уақыт жоғалтудың да қажеті жоқ. Тек затты орнына қойып, басқарып отырсаң болғаны.

Кәсіпкер жаңа істі ашу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы 2,5 млн теңге несие алған. Оған қондырғыларын жаңартыпты. Қазір мұнда әткеншектер, қақпалар, бақшаға қажетті түрлі қондырғылар жасау мүмкіндігі бар.

Евгений Борисевич- «Борисевич» ЖК директоры, Қызылжар ауданы

– Жалпы бизнеспен 2007 жылдан бері айналысамын. Бір кездері ағаштан түрлі өнімдер жасауды бастағанбыз. Жуырда темірден бұйымдар істеуді қолға алдық. 4 адам жұмыс жасайды. Тапсырыс бойынша қалаған нәрсені жасап береміз.

Жеті рет өлшеп, бір рет кес деген қағиданы ұстанған кәсіпкер жаңа істі бастамас бұрын нарықты зерттеп, тиімді бизнес түрін таңдағанын айтады.Қазір сол жұмысының шарапатын көріп отыр. Келешекте ісін дамытуды да көздейді.

Магжан Ахмадина.