Спорт

«Қызыл-Жар СК» ФК оралдық “Ақжайықты” 2-0 есебімен тізе бүктірді

Бекжан Жамбетов

– Теріскейліктер жеңіске жетуге міндетті. Бізді Премьер-лига күтіп тұр.

Түлкібай Қосшұғылов

– Гол соғатын сәттер болды. Бірақ шеберлік жетіспеді.

Келесі 45 минуттықты жерлестеріміз жаңа толқынмен бастады. Оралдық команданың қорғаушыларына тынығуға мұрсат бермей шабуылдарын үдетуде. Кездесудің 57-ші минутында қонақтар ойын тәртібін бұзады. Бұл стандарттық жағдайды ұтымды пайдаланған Давити Чагелишвили Али Алиевтің асырған добын баспен қақпаға дәл бағыттап есепті ашты.

Гол жіберіп алған оралдықтар еселерін қайтарғылары келгенімен қызылжарлық қорғаушылардан айлаларын асыра алмады. Үзілісте бапкердің берген кеңестерін ұтымды пайдаланған Фомичев шәкірттері 75-ші минутта есепті еселей түсті. Қорғаушы Эльхаджи Ндойенің қайшылап тепкен соққысына Роман Багаутдинов тосқауыл бола алмады.

Жауапсыз екі гол жіберіп алған “Ақжайық” командасының ойыншылары ызағы булығуда. Жүйкелері тозған футболшылар ойын тәртібінде бұзып жатыр. Осы сәттің бірінде қызыл жейдедегі Антон Шурыгин өз жейдесі түстес қағазбен мараптталып, алаңнан қуылды. Тізгін толығымен жерлестеріміздің қолына өткенімен, қарсыластарды ойсырата жеңуге уақыт жетпеді. Қорытынды есеп 2-0 “Қызыл-Жар СК”-ның пайдасына шешілді.

Али Алиев – “Қызыл-Жар СК” ФК жартылай қорғаушысы

– Ойын өте ауыр болды. Қарсылас команда турнир фавориттерінің бірі. Алғашқы таймда тез гол соғамыз деп ойлап едік, бірақ одан түк шықпады. Ал екінші таймда бапкер оралдықтардың қорғаушылары шапшаң қимылдап, тез жүгіре алмайды. Пастарды әуелетіп беріңдер деген кеңес берді. Біз оны ұтымды пайдаланып, екі бірдей жауапсыз гол соқтық. Қызу қолдаған жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Әрдайым 12-ші ойыншы болып командамен бірге болады.

Қарасай стадионындағы келесі ойын 27-ші маусым күні өтеді. Онда “Қызыл-Жар СК” Екібастұз құрамасын қабылдайды.

 

Риат Шони.