Білім

Гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушыларының қол жеткізген жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай

Татьяна Лучинина – Гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу-ісі жөні бойынша орынбасары

– Біздің жас мамандарымыз магистратурада оқуларын тәмамдап, аспирантурада білімдерін жалғастыруда. Жалпы оқытушылардың 75 пайызы жоғарғы бірінші санаттағы ұстаздар. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға деген талпыныстарының арқасында түрлі байқаулардың жеңімпазы немесе жүлдегері атанады.

Жалпы аталмыш білім ошағында бүгінгі күні 84 оқытушы еңбек етеді. Автокөлік тәртіптерінен сабақ беретін Василий Озинковский өткен жылы “Үздік педагог” байқауының облыстық кезеңінде жеңіске жеткен. Қазір ер азамат автокөлік ісі бойынша әдістемелік оқу құралын құрастыруда.

Василий Озинковский – Гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы

– Біз жұмысымызды әрдайым жастармен жүргіземіз. Сол себепті педагог өскелең ұрпақтың уақытымен өмір сүруі керек. Олардан екі-үш қадам алда болуы қажет. Тек берілген оқу құралдарымен шектеліп қана қоймай, жан-жақты ізденіп әр сабақты қызықты қылып өткізу керек. Сонда ғана жастармен тіл табысу жеңіл болады.

Жалпы Гуманитарлық-техникалық колледжінде 14 мамандық бойынша 1640 студент тәлім алады.

 

 

Риат Шони.