МТРА жаңалықтары

Елімізді дамудың даңғыл жолына бастайтын реформа

Ділбар Бегалина- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ аға оқытушысы

– Негізгі ой ол “Мәңгілік ел” идеясына беріліп отыр. Тек барлығымыз бірлесіп қана үлкен жетістіктерге жете аламыз.

Жиында мемлекетіміз әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы үшін бұл реформаларды уақытылы іске асыру қажеттігі айтылды. «Егер Қазақстан Президенті ұсынған ұлттық жоспар жүзеге асса, қазақ елі дамудың жаңа белесіне көтеріледі», – дейді мұндағылар. Ұлт көшбасшысы маңызды құжатта әр салаға ерекше көңіл бөліпті. Солардың бірі елге қаржы көздерін, яғни инвестиция тартуға қатысты. Бұл жөнінде кездесуде баяндама жасаған СҚО инвесторларға қызмет көрсету орталығның директоры Әрсен Насырханов баяндады.

Әрсен Насырханов- СҚО инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры

– Инвестиция саласында өңіріміз тартымды болып отыр. қазір бірнеше жобалар қолға алынған.

Елбасы ұсынған 5 институционалды реформа, Қазақстанның әлемдегі экономикалық қиыншылықтарды табысты еңсере отырып, халықтың әл-ауқатының өсуіне жағдай жасайтын маңызды бағдарлама. Оны жүзеге асыру жастардың қолында. Сондықтан болар аудиятория ретінде студенттер таңдалыпты. Осы азаматтардың сапалы білімі мен озық идеялары, табысты еңбегінің арқасында мемлекет басшысы қойған тапсырмалар толыққанды жүзеге аспақ.

Магжан Ахмадина.