МТРА жаңалықтары

Вице-Премьер Бердібек Сапарбаев өңірдің дамуына оң бағасын берді

Кейін осындағы мәслихат залында тұрғындарды еңбекпен қамту, жұмысшылардың құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге көметкесу туралы меморандумның орындалуы қорытындыланды. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов баяндады.

Ерлан Әукенов – СҚО әкімінің орынбасары

– Бұл жұмыс бізде жүйелі түрде қадағалауға алынған. Мәселен, ағымдағы жылдың ақпан айында 2015-2017 жылдарға 32 мыңға жуық адамды қамту арқылы жұмыс орындарын сақтауға басымдық беру туралы 747 меморандумға қол қойылса, бүгінде 1 700-ге жуық осындай құжат келісілген. Қазіргі уақытта кәсіпорындардың 96,9 пайызында ұжымдық келісімшарттар жасалған. Бұндай құжаттардың саны 3 773-ке жетті.

Жиында бұдан кейін Облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы Жамал Ахметова мен “ЗИКСТО” АҚ бас директоры Валерий Спицын арнайы әзірлеп келген есептік баяндамаларын оқыды.
Жиынды қорытындылыған Бердікбев Сапарбаев тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша және еңбек құқықтарының сақталуы жөнінде өңірде айтарлықтай жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

Бердібек Сапарбаев – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

– Ең негізгісі, Мемлекет басшысының берген тапсырмасы – халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, уақытында жалақыны төлеу. Біраз алға жылжушылық бар. Көп қысқарып жатқан жұмыс орындары жоқ. Енді 3 млн теңге жалақы қарызы деген – ол көп емес. Сондықтан, жұмысты осы бағытта ары қарай жалғастыруымыз қажет.

Сондай-ақ, Вице-премьер Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң бағасын берді.

Бердібек Сапарбаев – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

– Жалпы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер – барлығы былтырығыдан төмен емес, жоғары. Негізгі, Мемлекет басшысының берген тапсырмалары орындалып жатыр.

Данаш Хамзина.