МТРА жаңалықтары

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Бұл мұражай-кешен “Мәдени” мұра бағдарламасы аясында бөлінген 606 млн теңгеге 3 жыл көлемінде қайта қалына келтіріп, 2008 жылы ашылады. Содан бері қала тұрғындары мен қонақтары осы жерге жиі келеді. Бұдан соң, елордалық меймандар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Биылғы жыл еліміз үшін мерекелі де берекелі жыл екендігі баршаға аян. Соның бірі – Керей мен Жәнібек хандардың бір тудың астына бірігіп, Қазақ хандығының іргесінің қалағандығы. Бүгінгі алқалы жиынға астаналық меймандар, отандық және шетелдік ғалымдар, теріскейлік зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық ұйым мүшелері қатысуда. Жиналғандарды осынау маңызды конференцияның ашылуымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев құттықтады.

Бердібек Сапарбаев – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

– Сіздердің облыстарыңыз көпұлтты болғандықтан, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны осы Петропавл қаласында өткізіп жатырмыз. Енді Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудегі мақсатымыз – қазақтың тамырының тең екендігін, қазақ мемлекетінің қай кезден басталғанын тек қана қазақстандықтарға ғана емес, бүкіл дүниежүзіне насихаттау, көрсету. Ең негізгісі – біз өз тарихымызды білуіміз қажет.

Қазақ хандығының 550 жылдығын теріскей жері де жоғары деңгейде өткізуге бар-күш жігерін салуда. Оған бүгінгі конференция дәлел.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаев өз Жолдауында Қазақ хандығының 550 жылдығын лайықты атап өту қажеттігін атап көрсетті. Керей мен Жәнібек бабамыз Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметтің дәлелі.

Жалпы ғылыми-тәжірибелік конференцияда әңгіме қазақ хандығының қалыптасу тарихы, хандық биліктің дәстүрлі институттарының эволюциясы мен сол кезде хандар жүргізген саясат төңірегінде өрбімек. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжановтың баяндамасы – “Қазақ хандығы тарихының қалыптасуы және болжамдар” жайында. Ғалымның еңбегінде жалпы қазақ хандығының шежіресі толықтай қамтылыпты.

Хангелді Әбжанов – Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, Алматы қаласы

– Қазақ хандығының 550 жылдығы – тарихымыздың кішкентай бір жұрнағы ғана. Өйткені мына далада адам баласы осыдан бірнеше милиондаған жыл бұрын пайда болған. 01-20Біздің осындай белес-белес тарихымыз бар. Оған дейінгі тарихымыз күрделі, оқуға зерттеуге лайықты тарих. басқаның жылтырағына алдану оп-оңай. Біз 550 жылдықты тойлағанда халықтың дұрыс тарихи санасын қалыптастыруды, соның негізінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыруды көздеуіміз керек.

Ал “Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері” жөнінде тарих және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры Ақмарал Ыбраева баяндап берді. Вице-Премьер Бердібек Сапарбаев – қазақ хандығының құрылуы, оның өмір сүру тарихын ұрпақ жақсы білуі керек деді. Ол үшін жағдай бар. Зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл еңбектердің нәтижелерін жастарға ұдайы жеткізіп тұрудың маңызына тоқталды.

Бердібек Сапарбаев – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

– Соны сіздердің студенттеріңізге жеткізу керек. Соларға көрсету керек. Біз мұражай туралы көп айтамыз. Олар неғұрлым мұражайға жиі барса, олар көреді сол уақытта да рәміздердің болғандығын, сол кезде де ақшаның болғандығын байқайды. Жаңа қалай жақсы сөйледіңіз солай студенттерге де жеткізу қажет.

Жалпы бір конференция арқылы өткен тарихымызды толықтай игеріп шығу мүмкін емес. Енді қазақстандық және шетелдік ғалымдар баспа бетін көрмеген және ғалымдар зерттеп жазған тың тарихи деректерді баспасөз беттеріне шырғармақ ниетте. Жиын түйіні осы.

 

 

Бакыт Садуакасов.