Құқық қорғау органдары

Өңірде “Абайла – жаяу жүргінші” акциясы аяқталды

Ал соңғы аптада Петропавл қаласының тас жолдарында тәртіп сақшылары 1000-нан астам түрлі құқықбұзушылықты анықтаған. Оның 186-сы жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алған. Қазіргі кезде полицейлер мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне баса назар аударуда.

Шәмшиден Ақышов – Петропавл қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары

– Қазір мектеп оқушылары жазғы демалыстарына шықты. Олардың ата-аналары жолда сақ болуын қадағалағандары жөн. Өйткені көпшілігі бағдаршамның түсіне қарамай оқыс оқиғаларға ұрынып жатыр.

Бүгінгі күні ересектер балаларға үлгі көрсетудің орнына өздері заңды белшесінен басуда. Жыл басталғалы бері 4500 солтүстікқазақстандық жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткені үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлепті.

 

 

Риат Шони.