Билік

Жаңа тағайындаулар

Ол 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Мамандығы бойынша – заңгер-экономист. Еңбек жолын 1997 жылы Түрксіб ауданының прокуроры көмекшісі қызметінен бастаған, премьер министрдің кеңсесінде, Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, сонымен қатар 2 жыл көлемінде Есіл ауданының әкімі де болған.

Соңғы қызметі инвестиция және даму министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Тағайындалған басшыға біршама міндеттер жүктелді.

Ерік Сұлтанов- Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Өнеркәсіп маңызды салалардың бірі болып табылады. Өңірде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Осы ретте Мағжан Жұмабаев ауданының қоры жеткілікті, оны міндетті қолдану керек. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығында біріншіге қарағанда екі есе көп жоба іске асырылмақ, инвестиция көлемі де 3 есе көп.

Жалақы мөлшерін көбейту, жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру сынды жұмыстар жеткілікті. Жаңа басшы осы істерді қолға алып, ауданды одан әрі көркейтуге тырысатынын жеткізді.

-Айта кеткен жөн, бұрынғы аудан әкімі Қайрат Пшенбаев СҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметіне ауысты.

Назерке Тұрсынова.

 

 

Магжан Ахмадина.