Мәдениет

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры кезекті маусымды жапты

Біржан Жалғасбаев -Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының жетекшісі.

-16 маусыз біздің театр үшін қомақты, ауқымды,жан-жақты маусым болды. Неге десеңіздер, ТМД, Орта Азияға танымал Борзу Абдыразақов бізбен жұмыс істеді.

Спектакль қазіргі қоғам өмірінен сыр шертеді. Жетімдер үйінде тәрбиеленген Сәбит пен ауқатты отбасынан шыққан Жазира бірін-бірі құлай сүйгенімен бойжеткеннің әкесі екеуінің арасына түседі. Ондағы мақсаты – дәулетті отбасымен құдандалы болу.

Қойылымда құдағидың рөлін Самал Тәшімова сомдап шықты. Маусымның қорытындысы бойынша актриса “Ең үздік әйел” номинациясын иеленген екен.

Самал Тәшімова Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актрисасы.

-Жетім тағдыры спектакльінде мен Тамараны ойнаймын. Бұл өзімшілдікті талап ететін, өте қызықты рөл. Басқада қойылымдарға қатыстым. Биылғы маусымға қуаныштымын.

Театрдың маусым жабарына жиналған көрерменнің қарасы қалың. Олар спектакльдан жақсы әсер алғандықтарын айтады.

Бақыт Ұзақова.

– Өте тамаша спектакль болды. Адамның өмірін анық қөрсетті. Қаламызда осындай театр барына қуаныштымыз.

Ақылжан Нұрметов.

 

– Үлкен шаңырақта керемет туындыны тамашаладық. Өмірде не бір жағдайлар болды. Бүгінгі қойылымның жақсылықпен аяқталынғанына қуаныштымын.

Өнер ұжымының алға қойған жоспары қомақты. Олар шілде айында Македония мемлекетінде өнер көрсетпек. Тамыз айында Астанада өтетін халықаралық фестивальге қатысуға да шақырту алған.