МТРА жаңалықтары

ҚР Ұлттық гвардиясы Әскери институты Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Әр қазақстандықты рухтандыратын әнұран, аспан түстес ту және қос тұлпарлы елтаңба – бұл еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін нышандар. Оны құрметтеу әрбір қазақстандықтың парызы әрі азаматтық борышы,- дейді Астана қаласының Ұлттық гвардиясы тәрбие жұмыстарының бас басқармасының бастығы Савердин Имиров.

Савердин Имиров – ҚР Ұлттық гвардиясы тәрбие жұмыстарының бас басқармасының бастығы, Астана қаласы.

– Ұлттық гвардияның әскерилері еліміздің патриоты ретінде Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеп, тұмардай қасиет тұтады. Бүгінгі мереке біздің курсанттар үшін маңызды. Сарбаздар біздің ертеңіміз. Олар өз елінің патриоты болуы керек.

Болашақ офицер – Нұрсұлтан Рахымбай елімізге деген сүйіспеншілік мемлекеттік рәміздерді біліп, қастерлеуден басталады,- дейді.

Нұрұлтан Рахымбай – ҚР Ұлттық гвардиясы Әскери институтының курсанты.

-ҚР рәміздері-ту, елтаңба, әнұран біздің егемендігіміздің символы болып табылады. Оларды қорғау біздің міндетімізде жазылған. Елімізде тыныштық, ынтымақтастық, бірлік болсын.

Көгілдір түсті ту, ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күні бар елтаңбамыз мен әнұранымыз әлемге тәуелсіз Мемлекет бейнесін танытып, еліміздің мәртебесін жоғарылата берсін.

 

 

Айгерим Ержанова.