Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Тайынша ауданының аграрийлерімен кездесті

 

Солардың 255 мың гектары, яғни 58 пайызы бидай болса, 97 мың гектарға майлы дақылдар себілген. Тайыншалық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері керек мөлшердегі жанар-жағармаймен қамтылған. Тұқым қоры да жеткілікті. Десе де, проблемалар жоқ емес.

Қайрат Омаров- СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

-Ағымдағы жылы 8,3 мың тонна көлемінде минералды тыңайтқыштар алуға келісім жасалған. Бүгіндер солардың тек жартысы ғана, яғни 55 пайызы төленіпті. Сондықтан аудан басшылығы ақыны уақытылы өтеу бойынша жұмыстарды жүргізуі тиіс. Ауданда 2 мыңнан астам трактор, 207 егістік кешен, 1000- нан астам тұқым сепкіштер мен өзге де техника бар. Бұл науқанды уақытылы аяқтауға жеткілікті.

Бірақ бұл техниканың саны бар да, сапасы жоқ боп шықты. Олардың жартысынан астамының тозығы жеткен. Ал ағымдағы жылы аудан шаруалары тек 3 трактор ғана алыпты. Бұл ретте облыс әкімі Ерік Сұлтанов машина- техника паркін жаңарту қажеттігін айтты.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

– Біз осы жылы Петропавлда ауыл шаруашылығына қажетті техникаларды шығаратын зауытты іске қоспақпыз. Онда көліктің 20- ға жуық түрі жасалатын болады. Қазір техниканы тиімді түрде лизингке алу шаралары қарастырылып жатыр. Тағы М. Жұмабаев ауданында «Кировец» көлігін шығару жоспарда бар. Қазір бұл мәселелер шешіліп жатыр. Егер ол жоба жүзеге асса, онда ескі Кировецтерді сонда тапсырып, жөндеп алуға болады.

Ауданда мал шаруашылығы саласы да ақсап тұр. Төрт түлік басын арттыруға бағытталған біртақатар мемлекеттік жобалар жөнді іске аспай келеді. Айталық, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша алынуы тиіс 720 бас ірі қараның бүгіндері тек 90-ы ғана әкелінген. Мұндай олқылықтар «Құлан» және «Алтын асық» сынды бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде де орын алыпты. Бұл жұмыстардың жүргізілуін сынға алған өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов істі реттеуді тапсырды.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

– Аудан әкімі әзірге барлық істерді қарап, танысуда. Кейін барлығын түзету қажет. Бізде қазір барлық аудандарда жақсы жұмыстар атқарылуда. Сондықтан жағдайды реттеу керек.

Жиынды қортындылыған аймақ басшысы Ерік Сұлтанов шаруаларға әр күнді тиімді пайдаланып, егістік науқанын уақытылы аяқтау қажеттігін ескертті.

 

 

Магжан Ахмадина.