Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласы басты назарда

Былтыр дертті алғашқы кезеңде анықтау көрсеткіші 1,6 пайызға жоғарылаған. Скринингтік тексерістерден 110 мыңнан астам солтүстікқазақстандық өтті. Бұл обыр дерттерін ерте бастан анықтап, емдеуде зор ықпалын тигізеді. Туберкулез ауруы бойынша да облыста жағдай тұрақталған.

Қабдырахман Сақтағанов- СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

– 2014 жылы туберкулкезге шалдыққандар көрсеткіші 5,5 пайызға төмендеді. Ал одан қаза тапқандар саны 21,2 пайызға кеміген. Бір қуантарлығы – дертке балалардың шалдығуы тіркелмеді. Бұл ретте «Хайн тест» және «Бактек» сынды жаңа зертханалық инновациялық технологиялар енгізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, өңірдегі өзге де қөрсеткіштердің жақсарғаны байқалады. Өлім-жітім 7,7 пайызға төмендесе, аналар өлімі мүлдем тіркелмеген. Жылдан жылға емдеу мекемелерінің материалдық базасы жақсаруда.

Қабдырахман Сақтағанов- СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

– 2015 жылы денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізу және материалдық- техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғаспақ. Емдеу мекелмелеріне қосымша 50 санитарлық көлік алу көзделген.

Айта кеткен жөн, жыл санап денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көлемі артуда. 2014 жылы 21 млрд. теңгеден астам соманы құрады. Биыл бұл салаға 22 млрд. теңге бағытталыпты.

 

Магжан Ахмадина.