Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы саласын қолдау

Яғни, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері кепілдіктің жоқтығы мен банктердің құжаттарды қарау уақытының ұзақтығынан несие алуға құлықсыз. Оның үстіне мемлекет бөлген қаржы барлығына бірдей жете бермейді. Сондықтан бұл проблеманы шешу жолын несие серіктестіктері ұсынып отыр.

Төлеутай Рақымбеков- «Агроөнеркәсіптік кешендегі кредиттік серіктестіктер ассоциациясы».

-Көптен бергі көтеріліп жүрген сұрақ. Бұл арнайы кооперативтік ауыл шаруашылығы банкін құру. Бұл екінші деңгейлі банк сияқты емес, арнайы банк болу керек. Өйткені ауыл шаруашылығының салалары көп. Соны еске ала отырып, сол банк құрылуы тиіс. Олардың мақсаты несие серіктестіктерге арзандатылған несие төлеп беру.

Бұл банктің пайда болуы өзге қаржы көздерін іздеуге мүмкіндік бермек.
Тізгін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілміледі деп жоспарлануда. Айта кету керек, бүгіндері өңіріміздегі 516 шаруа несие серіктестіктерінің құрамына енген. Жылдан жылға мемлекеттік қолдауға ие болғысы келетін теріскейлік аграрийлердің саны артуда.

Қайрат Омаров- СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

– 2012 жылы несие серіктестіктері арқылы облыс шаруалары 3 млрд. 133 млн. теңге рәсімдесе, 2013 жылы бұл сома 3 млрд. 997 млн. теңгеге дейін жеткен. Ал былтыр 4 млрд. 456 млн. теңгені құрады. Бұл қаржыға фермерлер егіс және орақ науқандарына қажетті техника мен тұқым қорын ала алады. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларына да қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Бұл – елордалық меймандар өткізіп отырған 10-шы кездесу. Осыған дейін 9 облыста болған олар қортынды жиынды қыркүйек айында өткізбек. Сол жерде барлық ұсыныс-пікірлер қорытындыланатын болады.

 

Магжан Ахмадина.