Құқық қорғау органдары

Жалғыз басты қарттардың ақшасын қолды қылған 31 жасар күдікті құрықталды

Жәбірленуші “Үйіме кірді, сосын күлімдеп.

-Менің атым Гуля, енді сіздің пошташыңыз боламын”, деді. Мен жарайды деп, оның әкелген 2500 теңгесі үшін, қолындағы қағазға қол қойдым. Сотта сол ақшаны бетіне лақтыратын боламын. Бір кезде үйді аралап жүрген ол: “Сізде жалған ақша болуы мүмкін”, деді. Мен жұмсақ орындығымның астынан: 160 мың теңге ақшамды алып шықтым. Оның жанында алтындарым да болды.

Нәтижесінде, әйел кетісімен зейнеткердің бар жинаған ақшасы орнында жоқ болып шыққан. Өңір орталығында дәл осылай бірнеше адам алданған екен. ІІБ қызметкерлері ұрлықшы әрі суайт келіншекті қолға түсіру үшін барлық шараларды жасаған.

Асан Мейрамов – Петропавл қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары .

-Аталған қылмыстың орындалуына байланысты Петропавл қалалақ ІІБ жүргізген тексерісі күдіктінің Алматы облысында туылғаныны және бұрын сотталғанын көрсетіп отыр. Жедел іздестіру нәтижесінде азаматшаның Қазақстанның басқада аймақтарында осы тектес қылмыстар жасап, іздеуде жүргені анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық ІІБ уақытша қамау изоляторында отыр. Полияция қызметкерлері бейтаныс жандар тарапынан зардап шеккен тұрғындар болса 39-48-01, 39-48-07 немесе 102 байланыс номерілеріне хабарласуын сұрайды.

 

Акбопе Танирберген.