СҚО-да биыл 41 миллион тұқы балығы су көздеріне жіберіледі

МТРА жаңалықтары

15:33 3 Маусым 2015

Людмила Волкова – Петропавл балық питомнигінің цех меңгерушісі.

-Қолдан ұрықтандыру барлығы 5 кезеңнен тұрады. Ол үшін біздер 21 аналық балық пен 17 аталық балықты қолданып жатырмыз. Бұл жерде температура қатаң сақталады.

Осылайша, үстіміздегі жылы Петропавл балық питомнигі облыстағы су қоймаларына 41 миллион дана тұқы балығының шабағын жібермекші. Оның ішінде 35 миллионы – Сергеев су қоймасына, тағы 5 миллионы Петропавл су қоймасына салынады. Ал қалған 1 миллионы – тәлімбаққа тиесілі тоғанда өмір сүрмек.

Ержан Жұмабаев – Петропавл балық питомнигінің директоры.

-Шабақтар өсіп-жетіліп, әл жинағанша дейін біз оларды тәлімбақтың 6 тоғанында күтіп-баптайтын боламыз. Өз бетінше қореқтене алатын деңгейге жеткен уақытта оларды су қоймаларына жібереміз.

Айта кету керек, питомник қызметкерлері осыған дейін су көздеріне 55 миллион дана сига тұқымдас балығын жіберген.

Бакыт Садуакасов.

Бұдан әрі оқыңыз

Аймақ басшысы Қызылжар ауданында қоғамдық қабылдау өткізді
Қазақстан мен Ресейдің 16-шы өңіраралық ынтымақтастық форумы
Телефон нөмірін тіркемеген қазақстандықтар байланыссыз қалды
Аймақ басшысы қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысты
СҚО-да жел күшейеді
Ресейлік инвесторларға “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы таныстырылды
«Апталық шолу» бағдарламасы 27.10.19
Мамлют ауданының өнерпаздары қорытынды концерт ұйымдастырды
Ер есімі – ел есінде
Өңірдегі тұрғын үй қорының ауқымы
Петропавл халықаралық әуежайында “Ашық аспан” режимі енгізілді
Өңірдің ЕЭО елдерімен алыс-беріс көлемі