Спорт

ҚР Мемлекеттік рәміздерін қастерлеу әр азаматтың міндетті

Ернар Әшірбеков, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің қызметкері.

– Зияткерлік ойынның әскер бөлімде өткізілуі тегін емес. Біз жастарға сарбаздардың үлгілі өмірін көрсете отыра, олардың бойына ұлтжандылық сезімін ұялатуға тырысамыз.

Бір қынжылтарлығы, жастар арасындағы ой жарыстыру ойыны ресми тілде өтті.

ҚР-ның қазіргі Гимні 2006 жылы 6 қаңтарда қабылданды. Мұнымен қоса, құрамалар ҚР-ның туы мен елтаңбасының шығу тарихы мен оның авторларын атады. Сондай-ақ, жастарға ҚР Конституциясы, тәуелсіздік күні, мемлекеттік тіл, елордамыз Астана, ұлттық валюта мен “Мәңгілік ел” монументіне қатысты сауалдар қойылды. Символдардың шығу тарихы мен мән-мағынасын діні мен тіліне қарамастан Қазақ елінің әр азамат білуі тиіс.
Орыс қызы Алёна Людская да осындай пікірді ұстанады.

Алёна Людская, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенті.

– Мен М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің намысын қорғаймын. Сайысқа тыңғылықты дайындалды. Тез ойланып, сұраққа дұрыс жауап беруге тырысамын.

Отан алдындағы міндетін өтеп жүрген Әсет Төлегенов те мемлекетік нышандарға құрметпен қарайтын жандардың бірі.

Әсет Төлегенов, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің сарбазы.

– ҚР әр азаматы мемлекеттік рәміздерді білуі тиіс. Өз басым мемлекеттік нышандарға құрметпен қараймын. Олардың шығу тарихы мен авторларын жатқа білемін.

Ой жарыстыру сайысында жүлделі орындарға іліккен құрамаларға кубоктар тарту етілді.

 

 

Берик Касен.