Спорт

“Қызыл-Жар СК” ФК өзінің кезекті ойынына дайындалуда

Али Алиев – “Қызыл-Жар СК” ФК жартылай қорғаушысы.

– “Восток” командасымен өтетін кездесуге мықты дайындалдық. Ойынның алғашқы таймында бапкердің тапсырмасын жақсы орындап екі бірдей гол соқтық. Ойыншылар турнирлік кестеде көш бастап тұрған құрамаға төтеп бере алды. Екінші таймда есепті сақтап қалу үшін ғана ойнадық. Бірақ қателікке бой алдырып қақпамызға гол жіберіп алдық.

Футболшылардың көңіл күйлері көтеріңкі болғанымен, клубта жанкүйерлер үшін мұңаятын жағдай орын алған. Жергілікті стадиондағы ойын алаңының халі мүшкіл екені бәріне мәлім. Сол себепті дайындық кезінде құраманың негізгі қос ойыншылары Хасан Абдукаримов пен Вадим Боровский жарақат алыпты. Оларды келесі азулы қарсылас оралдық Ақжайықпен өтетін матчта алаңда көруіміз екі талай. Деседе, ойыншылар кезекті үш ұпайды қоржынға салу үшін тырысып бағамыз дейді.

Али Алиев – “Қызыл-Жар СК” ФК жартылай қорғаушысы.

– Келесі ойын біз үшін өте маңызды. Егер турнирлік кестеде алғашқы бестікте тұрған командалардың екеуін қатарынан ұтсақ, жоғарғы лигаға бір табан жақындаймыз. Яғни ары қарай кездесулер оңай болады. Соңғы кезде стадионға ойын тамашалауға келетін халықтың қарасы қалың. Трибуналар жанкүйерге толып отырғанда ұтылуға болмайды.

“Қызыл-Жар СК” ФК жартылай қорғаушысы Али Алиев біздің арнаға сұхбат берген кезде команданың жанкүйерлеріне шексіз алғысын білдіріп, матчты тамашалауға келуші солтүстікқазақстандықтардың санын 5 мыңнан 6 мыңға дейін жеткізуге шақырды.

Али Алиев – “Қызыл-Жар СК” ФК жартылай қорғаушысы.

– Барлық жанкйүерлерді 7-ші маусым күні өтетін матчқа шақырамын. Сіздердің қолдауларыңызбен біз жеңіске жетеміз.

 

Риат Шони.