Спорт

Петропавлда Президенттік тестілеу тапсыру айлығы жүріп жатыр

Виктор Вестик – СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім жетекшісі.

– Президенттік тестілеуден мемлекеттік қызметшілердің барлығы да өтуде. Бұндай жұмыстар аудандарда да жүргізілуде. Бұл сын 7 кезеңнен тұрады. Оған суда жүзу, ату, гимнастика, кросс, спринт т.б. кірген. Мұнда өзінің физикалық дайындығын тексергісі келетін әр адам қатыса алады.

Тестілеуге қатысушылар жас ерекшелігіне байланысты 4 топқа бөлінген. Ең жас қатысушылардың қатарындағы Таңат Рақымжанов бұл сыннан бірінші рет өтуде. Денсаулық сақтау саласында қызмет жасайтын ол спорттың адам өмірінде маңызды орын алатынын біледі. Ұзындыққа секіруден Таңат 2 метр 50 см-ді бағындырып, ерлер арасында ең жоғары көрсеткішті көрсетті.

Таңат Рақымжанов – СҚО Денсаулық сақтау басқармасының маманы.

– Мемлекеттік қызметкерлер арасында президенттік тестілеуді тапсырып жатырмыз. Нәтижеміз ойдағыдай шығуда. Бірақ одан да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге болады. Салауатты өмір салтын ұстану әр адамның міндеті. Денсалуық сақтау саласының маманы ретінде спортқа көңіл бөлуге тырысамыз.

Президенттік сынақ тапсырушылар өз мүмкіндіктерін маусымның 6-ына дейін байқамақ.

 

Айгерим Ержанова.