МТРА жаңалықтары

Өңірде жібекқұрттарына қарсы дәрілеу шаралары жүріп жатыр

Қайырбек Қасенов – Мамлют орман шаруашылығының директоры.

–  Биыл дәрілеу жұмыстарын жүргізу аумақтары екі есеге азайды. Қазір Мамлют орман шаруашылығына тиісті 3 участокта жәндіктерді улау қажет. Ең үлкен территория Белое орман шаруашылығында, кейін Кондратов, ал Михайловское орман шаруашылығы 400 гектар жерді алып жатыр. Бүгін аталмыш аумақтарда барлық жұмыстарды бітіруді жоспарлап отырмыз.

27-ші мамырда басталған жұмыстардың бүгін 40 пайызы тындырылыпты. Мамандар күніне екі рет жасыл желкендерге “Диссенлин” атты дәріні суға араластырып шашады екен. Айта кету қажет, жалғыз машина бір түн ішінде 500 гектар аумақта жәндіктерді улау шарасын жүргізуге қауқарлы.

Қайрат Қалықов – СҚО аймақтық орман және жануарлар дүниесі инспекциясы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды реттеу мен бақылау бөлімінің жетекші маманы.

– Өңірімзде 12 орман шаруашылығы бар. Ол 31500 гектар аумақты алып жатыр. Қазір жұмыстардың 40 пайызы тындырылды.

Өткен жылғыға қарағанда биыл жібек құрттары 5 есеге азайған. Дегенімен, бұған тоқмейілсімей, жұмыстарды жыл сайын жүргізіп тұру шарт. Дәл қазір, “GARD Agro Service” ЖШС операторы Жәдігер Сүлейменов пен жүргізуші Сергей Садовой экипажы жәндіктермен күресуге аттанбақ. Әзірше олар өз машиналарына дәрілерді артып, арнайы қондырғының техникалық ақаулары бар-жоқтығын тексеруде.

Жәдігер Сүлейменов – “GARD Agro Service” ЖШС операторы.

– Барлық жұмыстарды таңертең және кешке жүргізу қажет. Өйткені жел болмайды. Негізі бір машина 500 гектар жерде дәрі шашуға қауқарлы.

Кейін 8 машина улау жұмыстары жүргізілуі тиіс жерлерге аттанды. Бұл 3,3 гектар аумақты алып жатқан Мамлют орман шаруашылығына тиесілі территория. Қазір мұнда мамандар жібекқұрттарына қарсы дәрі шашуда. Бұл іспен айналысатын оператор машинаның ішінде отырып компьютердің көмегімен барлық үрдісті басқарып отырады.
Бұл шара шамамен 5 минутқа дейін созылады. Кейін құрттар 15 күннің ішінде уланып өледі.

 

 

Риат Шони.