Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ақжар және Уәлиханов аудандарында болды

Галина Хилько – Талшық ауылының тұрғыны, Ақжар ауданы.

-Үйдің төбесі жаңартылды. Келбеті де өзгеше болып қалды. Мұнда коммерциялық ғимараттар да орын теппек. Адамдар үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр.

Бұдан соң аймақ басшысы Ерік Сұлтанов аудан аграрийлерімен кездесті. Жиналыста аудан әкімі Серікбай Тұралинов көктемгі егіс науқанының барысы жайлы баяндады. Ағымдағы жылы ауданда 235 мың га жерге ырыс дәні сіңірілмек. Олардың 197 мыңы – дәнді дақыл. Танап басында 300 тегеурінді техника жұмыс істеуде. Жанар-жағармай, тыңайтқыштар мен тұқым жеткілікті көрінеді.

Серікбай Тұралинов – Ақжар ауданының әкімі.

-4642 тонна минералды тыңайтқыш алу туралы келісімшарт жасалса, оның 3 мың тоннасы жеткізілді. “Богви” ЖШС-нің құрамындағы шаруашылықтарға 3020 тонна минералды тыңайтқыштар берілді.

Облыс әкімі мал шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен де танысты. Аудандағы «Данил» и «Ерсалды» фермерлік шаруашылықтарында бордақылау алаңы мен асыл тұқымды репродуктор бар. Мемлекеттік “Құлан”, “Сыбаға”, “Алтын асық” және “Ырыс” бағдарламалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мал тұқымын асылдандыру, құс фермаларын құру, сүт жинау сынды, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша біршама жобалар биыл іске асырылмақшы.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Ешқандай проблема көріп тұрғаным жоқ. ауданның өсіп-өркендеп келе жатқаны байқалады. Барлық бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, өңір басшысы аграрийлерге мемлекеттік бағдарламалардың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды. Қазіргі таңда бизнесті бастап, дамыту үшін барлық жағдай жасалған деп атап өтті өңір басшысы өз сөзінде.

Облыс әкімінің жұмыс сапары Уәлиханов ауданында жалғасты. Онда өңір жетекшісі құрылысы жүріп жатқан шағын элеваторда болды. Астық қабылдау пунктінің сыйымдылығы – 60 мың тонна. Биыл оның бір бөлігі ғана іске қосылмақ.

Сергей Гусельников – «Северная Нива» ЖШС шағын элеваторының директоры, Уәлиханов ауданы.

-Ресей мен Түркия елдері зауыттарының құрылғылары жеткізіліп жатыр. Элаваторлық қоймалар, кептіргіштер әкелінуде.

Элеватор дәнді дақылдармен қатар майлы дақылдарды да қабылдай алады. Ол үшін астық қабылдау пунктінде екі бөлек желі іске қосылмақ. Жоспар бойынша қазан айында элеватор алғашқы өнімді қабылдай бастайды. Қалған бөлігі 2016 жылы қолданысқа енгізіледі деп күтілуде. Ал егіс науқанына келер болсақ, уәлихановтықтар 124 мың гектар аумаққа дәнді дақылдарды сіңіріп үлгерді, ал майлы дақылдардың 70 пайыздан астамы егілді. Айта кеткен жөн, жем-азық дақылдарын егу 96 пайызға орындалды. Ауа райы жақсы болса, 4-5 күннің ішінде егіс науқаны аяқталмақ дейді аудан басшысы Аман Төрегелдин. Жұмыс сапарын қортындылай келе аймақ басшысы Ерік Сұлтанов аудан аграрийлеріне ірі мал шаруашылықтарын құруға шақырды.