МТРА жаңалықтары

ЕС-164/3 түзету мекемесінде “Өмір-2015” байқауы болды

Гүлвира Сейітқасымова – “ЕС-164/3 түзету мекемесінің аға инспектр психологы.

– Бұндай шаралар жылда-жылда өткізіледі. Мақсаты сотталғандардың өмірге деген көзқарасын арттыру. Байқау үш номинация бойынша өтеді. Ол бірінші суреттері. “Менің өмірім қандай тамаша” деген және өздері жазған шығармалар және өлеңдерін байқауға шығарады.

Өмірде шалыс қадам жасаған мына жандар байқауға шыңдап дайындалған. Олар бас бостандығынан айырылғанымен, түрлі іс-шараларға үнемі қатысып тұрады. Бос уақыттары бола қалса, қолдарына қалам алып, өлең жазады, сурет те салады. ЕС-164/3 түзету мекемесінде жазасын өтеуші Берікбол Тыныштықов бүгінгі сайыста “Отан деген ұлы ұғым” атты өлеңін оқып берді. Аталмыш мекемеге ол 2013 жылы түсіп қалған. 2 жыл ішінде мен көп нәрсеге көз жеткізгенін айтады. Бостандықтағы өмірді аңсап, туған-туыстарымды сағынып жүрмін,- дейді жазасын өтеуші.

Тыныштық Берікболов – “ЕС-164/3 түзету мекемесінде жазасын өтеуші”.

– Бүгінгі мына өтіп отырған “Өмір-2015” дәстүрлі игі шаралардың бірі. Мен өзімнің өлеңімді мен қазақстандықпын, мен қазақпын, тілім, ділім қазақстандық деп, мына ассамблеяның 20 жылдығы қарсаңында ұлттардың достығына арнап, шығардым.

Шара соңында жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

 

 

Айгерим Ержанова.