Балалардың жазғы демалысына дайындық

Балалар

15:00 3 Маусым 2015

Ольга Клишина, «Березка» балалар сауықтыру лагері асханасының меңгерушісі.

– Лагерде 5 реттік тамақтандыру қарастырылған. Балаларға берілетін тағамдар пайдалы әрі дәмді болуы керек. Бастысы қауіпсіздік. Әсіресе жаз мезгілінде ас үйдің таза болуы маңызды. Осы ретте асханадағы технологиялар толық жаңартылды. Мысалы мынау ыдыс жуатын техника және жаңа ет тартқыш құрылғы мен нан пісіретін тоқ пеш те әкелінді.

Ал мынау балалардың тынығуына арналған жатын бөлмесі. Мұнда «Березка» лагерінің кішкентай демалушылары өздерін үйдегіндей сезінуі үшін бар жағдай жасалған. Одан бөлек, балалар сауығатын аулада түрлі әткеншектер орналасқан.

Қымбат Қасымғожина, Петропавл қалалық ІІБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы.

– Бүгін комиссия мүшелері “Ақ қайың” және “Достық” лагерлерін қабылдадық. Бұл лагерлерде кәмелетке толмағандардың ісі жөнінде инспекторлары алдын-алу жұмыстарын жүргізіп, тәулік бойы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ жазғы уақытта «Планета» туристік орталығы түрлі экскурсиялар мен туристік жорықтарды ұйымдастырмақшы. Оған 11-15 жас аралығындағы «Достық» лагеріндегі ересек оқушылар тобы қатыса алады.

Сергей Бутко , «Планета» туристік орталығының директоры.

– Бұл жылы маусымалды жөндеу жұмыстары үлкен көлемде жүргізілді. Монша және бірнеше корпустың шатырлар ауыстырылды, жолдарына асфальт жайылды. Барлық корпустағы еден мен қабырғаға дейін түпкілікті жөндеу жасалды. Бүгін мұның барлығының сапасына тексеруші топ өкілдері назар аударды.

“Березка” лагері алғашқы маусымның қонақтарын, шамамен 210 оқушыны қабылдауға 90 пайыз дайын. Онда 6 мен 11 жас аралығындағы 8 топ орналаспақ.

Жангелді Тажин, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты.

– Біз қалалық мәслихаттың депутаттары осы лагердің материалдық базасына әжептәуір ақша бөлгенбіз. Оның барлығы игілікке жұмсалып көп өзгеріс енгенін көріп отырмыз. Балалрдың жазғы демалысы жақсы болып, балалар жақсы демалсын.

Айналасын гүл көмкерген лагер үйлерін қалпына келтіруге 48 млн. 629 мың теңге бөлінген екен. Қос демалыс орны ашылу мерзімін маусымның 12-не белгілеп отыр.

Акбопе Танирберген.

Бұдан әрі оқыңыз

Стартапшылардың байқауы өтті
“Нан үйі” атты суретшілер байқауы өтті
«Мен әлемді естимін» атты ашық есік күні өтті
NewLife орталығының ерекшелігі
“Nur Otan” мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қызықты шара ұйымдастырды