МТРА жаңалықтары

100-500 адамға шақталған қоғамдық орындар қауіпсіздік жүйелермен жабдықталуы тиіс

Спартак Қабденов, СҚО ІІД экстремизмге қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі.

-Үкіметтің қаулысына сәйкес мемлекеттік органдардың ғимараттары, ауруханалар, білім беру мекемелері, амад демалатын орындар тиісті түрде қорғалуы тиіс. Яғни, ғимараттың іші-сыртына бейнебақылау камералары, өртке қарсы күзет сигнализациялары болу керек. Сондай-ақ, адамдар көп өтетін орындарға бекеттер орнату қарастырылған.

Бүгінде көршілес елдерде тыныш емес. Содырлар мен жанкештілер арам пиғылын әдетте адам көп шоғырланған орталықтарда жүзеге асырады. Мұны әлеуметтік маңызы бар нысан иелері жете түсініп, алдын-алу шарасына тізе қосуы қажет. Ғимараттар шілденің 1-інен бастап тексеріле бастайды. Онда 100-ден 500 орынға шақталған мекемелер мен аумағы 500 ден 2000 шаршы метрге дейін жететін нысандар басты назарға алынады. Өңірімізде осы талаптарға келетін 600 ғимарат бар екен. Оның иелері бір жыл көлемінде ережеге мойын ұсынбай заң талаптарын екі рет бұзса, айыппұлды екі есе төлейтін болады.

Спартак Қабденов, СҚО ІІД экстремизмге қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі.

-ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 149 бабына сәйкес террористік тұрғыда осал объектілерді басшылары міндеттерін орындамаса, оларға әкімшілік айыппұл қарастырылған. Яғни, жеке тұлғаларға 100 АЕК, шағын және орта, ірі кәсіпкерлік нысандарына 200-500 АЕК мөлшеріне дейін айппұл қарастырылған.

Жиын барысында кәсіпкерлер облыстық әкімдік өкілдері мен құқық қорғау саласының мамандарынан біраз кеңес алды. Олар семинар-кеңестен жиған мәліметтерді аудан мен ауылдағы әріптестеріне жеткіземіз деді.

 

 

Берик Касен.