Тәртіптік кеңестің отырысы өтті

МТРА жаңалықтары

14:41 2 Маусым 2015

Самат Тимербаев, СҚО прокурорының көмекшісі.

-Оқу мекемесінің директоры Киікбай Нүрикенов Сағатов деген азаматты жұмысқа заңсыз қабылдағаны жөнінде факті анықталды. Оны шаруашылық меңгерушісі ретінде тағайындау туралы келісім шарты тамыздың 29-ында жасалған.

Бірақ, шаруашылық меңгерушісі жұмысына бірде-бір рет келмепті.
Шын мәнісінде, оның міндетін Сағатов мырзаның колледже алғашқы әскери дайындықтан сабақ беретін ұлы атқарады. Ай сайынғы 30 мың теңге жалақыны да сол алып келген. Оқу орнының директоры Киікбай Нүрикенов кінәсін мойындаса да оған қатысты айтар өз уәжі бар.

Киікбай Нүрикенов, Тимирязев агротехникалық колледжінің директоры.

-Қаржылық заңбұзушылық жібергенімді мойындаймын. Шынын айтсам, 30 мың теңгеге жылыту маусымында оқу үрдісінің қауіпсіздігін қадағалайтын маман табу қиын болды. Қыркеүйек айы келіп қалғандықтан мен осындай шара қолдануға мәжбүр болдым.

Тәртіптік кеңес мүшелері Киікбай Нүрикеновты қызметінен босату туралы ұсыныс жасауды ұйғарды.

Жиында, сондай-ақ, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Аман Қабдөшевтің ісі де қаралды. Бұл азамат қызметіне толық сәйкессіздігі туралы ескертілді.

Өйткені, ол іске қатысты жинақталған материалдар бойынша, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары лауазымында жүргенде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы екеуі бір кәсіпкерге мемлекеттік сатып алу келісім-шартын бұзуы үшін қысым көрсеткен.

Изат Бағыт, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің аға тергеушісі.

-Қаңтар айының соңында ол аудандық маңыздағы көлік жолдарын қардан тазарту жұмыстарын жүргізу бойынша тендерді ұтып алады. Осыдан кейін оны кабинетке шақырып алып, бас тарту хатын жазуға мәжбірлеген.

Аудандық маңыздағы көлік жолдарын қардан тазарту жұмыстарына 6 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген екен. Десе де, Аман Қабдөшев бұл айыптаумен келіскен жоқ, ал кеңес мүшелері шешімді оның пайдасына шығарған жоқ. Тәртіптік кеңесте барлығы 7 іс қаралды. Оның әрқайсысы бойынша тиісті шешім қабылданды.

Данаш Хамзина.

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да мал ұрлау фактілері көбейген
Петропавлда алғашқы қар жауды
Петропавлда су құбыры жарылды
Стартапшылардың байқауы өтті
Қазақстан мен Ресейдің 16-шы өңіраралық ынтымақтастық форумы
Телефон нөмірін тіркемеген қазақстандықтар байланыссыз қалды
Облыс әкімі Мамлютка қаласында қоғамдық қабылдау өткізді
Аймақ басшысы шаһарда қоғамдық қабылдау өткізді
Ресейлік инвесторларға “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы таныстырылды
Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті
СҚО-да “Цифрландыру күндері” аяқталды
Еріктілер ұйымдары бірлесе жұмыс істемек