Спорт

Петропавл қаласында 9 көпфункционалдық хоккей корты жұмыс істеп тұр

– Бұл көпфункционалды хоккей кортында түрлі спорт ойындарын ойнауға болады. Мәселен, баскетбол және футбол, волейбол мен шайбалы хоккей.

Заманға сай спорт алаңқайын тұрғызуға “Цеснабанк” АҚ СҚФ қаржылай көмек көрсетіпті.

Валерий Евдокименко – Петропавл қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі.

-Облысымыз солтүстік өңірде орналасқандықтан, соңғы уақытта қысқы спорт ойындарына назар салудамыз. Үстіміздегі жылы “Алтын шайба” турнирін қайта жаңғырттық, алғаш рет шайбалы хоккейден облыстық чемпионат өтті. Оған қатысқан командалардың саны да артты. Бұрын алтау болса, қазір сегізге жетті. Корттар салынғалы бері халықтың көпшілігі хоккей, конькимен жүгіру сынды спорт түрлеріне бет бұра бастады.

Игі істің арқасында балалар қысы-жазы спортпен айналыспақ. Жас жеткіншектер осындай мүмкіндіктің туып отырғанына қуанышты.

Сергей Ковзалов – №10 орта мектебінің оқушысы.

-Мұндай көпфункционалдық хоккей кортын біздің мектептің ауласына орнатқанына өте қуаныштымын. Біз мұнда көбіне футбол ойнаймыз. Қазір жазғы демалыс басталады. Онда балалардың саны да арта түседі. Барлығы спортқа бет бұратын болады.

Сонымен қатар өткен жылы теңбіл доп сүйер жандар үшін облыс әкімінің бастамасымен 15 шағын футбол алаңы салынса, биыл тағы 20-сы халық игілігіне тапсырылмақ. Әзірге бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Айта кету қажет, ертеректе салынған, бірақ алаңдардағы жабындысының тозығы жеткендері де қайта жаңғыртылмақ. Бұндай материалды сатып алуға қаржыны Каспий банкі бөліп отыр.

 

 

Риат Шони.