МТРА жаңалықтары

Маусым айында ең жоғары температурасы +35С болады деп күтілуде

Жаздың басы осылай басталғанына олар дән риза. Ауа райының бірқалыпты болатынына да үмітті.

-Маусымда ауа райы жылы болады, ыстық болады. Немерелерім оқу бітіріп, мында келді. Шомылуға, балмұздақ жеуге.

-Маусым айы жақсы болады деп ойлаймын. Петропавлда жаз мезгілі қысқа болады. Осы жылы жылы ауа райы көбірек болады деген үміттеміз.

-Маусымда жылы болатын шығар. Ыстық болса екен дейміз. Күнге күйіп,суға түсіп демалғымыз келеді.

Ал облыстық гидрометеорология орталығының мамандары тұрғындарға аса қатты қуанбауға кеңес береді. Себебі, бұл айда аптап ыстықтан басқа, бұршақ пен жауын жауады деп күтілуде.

Елена Милентьева – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі.

-Бірінші онкүндікте күндіз ауа температурасы +27+32- градустан +35 градусқа дейін жоғарылайды. Түнде сынап бағанасы +10+18 градусты көрсетеді. Екінші онкүндікте ауа райы түнде +6+16, күндіз +17+27 градусқа дейін болады деп күтілуде. Ал мусымның үшінші онкүндігінде температура +34 градусқа дейін қайта көтеріледі. Бірақ айдың басында бұршақ жаууы мүмкін.

Сонымен қатар, маусымның басында батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 м дейін жетеді.

 

 

Айгерим Ержанова.