Денсаулық сақтау

Балалар психологтары “Ақылды қозғалыс” бағдарламасын іске қосты

Марина Туматова – балалар психологы.

-Біздің көмегімізге балалары психологиялық көмекке зәру жандар жүгінеді. Көбі түрлі қорқыныш, алаңдаушылық, эмоционалдық тұрақсыздық, невроз және агрессия мәселелерін арқалап келеді. Бұның барлығын емдеуге болады. Кішкентай бүлдіршіндерге сурет салғызып, жаттығу жасатамыз, балалармен араласады. Осы арқылы олардың ішкі эмоциясын білеміз. Соған орай олармен түрлі жұмыстар жүргіземіз.

Ал маусымның бірінен бастап, қалалық балалар емханасының психологтары өз жұмыстарына жаңа “ақылды қозғалыс” бағдарламасын енгізді. Бұл – жоба бүлдіршіндерге көп себін тигізіп, мамандардың да жұмысын жеңілдетеді,-дейді балалар психологы Людмила Беспятова.

Людмила Беспятова – балалар психологы.

-Біз “ақылды қозғалыс” деген жаңа бағдарлама енгіздік. Басты мақсат – балаларды қоғамда өзін ұстауды, адамдармен қарым-қатынас жасауды және белгілі бір ортаға тез бейімделуді үйрету, сонымен қатар, оларға психо-эмоционалдық көмек көрсету. Бұл жоба аясындағы жұмыс 6 жастағы балалардан басталады. Жазғы маусымда енгізілудің өз себебі бар. Өйткені балалардың бұл мезгілде бос уақыты көп. Жалпы бұл бағдарламалық жұмыс 25 сағатқа шақталған.

Амалсыздан мамандардың көмегіне жүгінген ата-аналар бұндай жаңашылдықтан оң нәтиже күтуде.

Надежда Сергейчук.

-Менің немерем бұзақылардан қорқады. Ол күні бойы компьютерден бас алмайды. Соның кесірі ақыры тиді. Мамандарға жүгінумізге тура келді. Бұл жерге келіп жүргенімізге бір ай болды. Біраз жақсарып қалды.

Алена Белоусова.

-Менің балам 7 жаста. Ол биыл 1-ші сыныпқа барады. Мектепте балалармен тез тіл табысып, араласып кетуі үшін біз мамандарға жүгіндік. Енгізілген жаңа бағдарламадан үлкен нәтиже күтеміз.

Емханадағы психологтар сэнсорлық бөлмеде 2 мен 15 жас аралығындағы балаларды қабылдап, ата-аналарға арналған түрлі тренингтар мен семинарлар өткізіп тұрады. Жаңа бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жеңілдету мақсатында мамандар бүлдіршіндерді 5 адамнан екі топқа бөлген. Олардың өмірге деген көзқарасын өзгерту үшін мұнда барлық жағдай жасалыпты. Бұл бөлмеде балаларды дамытуға арналған түрлі ойыншықтар мен құралдар да бар.

– Ал мына тақта “құм терапиясы” деп аталады. Бұл – құрал балалардың сөйлеу маторикасын жақсартып, есте сақтау қабілетін дамытады.

 

Айгерим Ержанова.