МТРА жаңалықтары

СҚО прокуратурасы “Баланы қолда” акциясын өткізді

Наталья Казайченко.

-Мен сот шешімінің орындалуы жайлы сауалыма бас прокурордың берген жауабына қанағаттандым. Қайдан кеңес аламын деп ойланып жүрген едім. Іздегенге сұраған деп, бүгін күтпеген жерден осы акцияға кезіктім. Бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, басына түскен мәселе бойынша кімге жүгінерін білмей жатады. Сондықтан өткізіліп отырған шараның пайдасы зор.

“Баланы қолда” деп аталатын акцияны облыстық прокуратура биыл бірінші рет ұйымдастырып отыр. Олар халықаралық балаларды қорғау күніне орай ата-аналарға тегін кеңес беруді жөн санапты.

Руслан Мамбетов: СҚО прокуратурасының бөлім бастығы.

-Шара барысында тұрғындарға арнайы құқықытық, психологиялық, медициналық кеңес беріліп жатыр. Мысалы, алда ҰБТ келе жатыр. Оған бала ең бірінші, психологиялық тұрғыдан дайын болу керек. Сондықтан ата-ана мектеп бітуші баланы күйзеліс жағдайынан қалай алып шығу керектігін білуі керек. Ол үшін мында отырған педагог-психолог маманға жүгіне алады.

Түрлі сала мамандары орталықта таңертеңгі 10-нан түскі 3-ке дейін отырып, тұрғындарды қабылдады. Олардың қызметіне жүгінген ата-аналар болса, тиісінше өз сұрақтарына нақты әрі пайдалы жауаптарын алып жатты.

 

 

Акбопе Танирберген.