Спорт

Петропавлда жеңіл атлетикадан республикалық спартакиада өтуде

Александр Эктов- СҚО жеңіл атлеткадан аға бапкер.

-Мұндай сайыс өңірімізде осыдан 10 жыл бұрын өткен екен. Осы жолы Республика көлемінде ұйымдастырдық. Солтүстік Қазақстанды қосқанда еліміздің 6 өңірінен 100-ге тарта спортшы балғындар келіп отыр. Ауа-райы да қолайлы, қонақтарымызға қаламыз да ұнапты.

Маңғыстау облысынан келген Мария Коптева 60 метр қашықтыққа жүгіріп мәреге екінші жетті. Спорттың бұл түрімен 3 жасынан әуестенген 12 жасар қонақ қыз әр қалада өтетін сайыстардан қалыс қалмайтынын айтты.

Мария Коптева- Ақтау қаласының № 5 орта мектебінің тәрбиеленушісі.

-Мен бірінші рет жүгірген жоқпын. Маған ұнады. Петропавлға бірінші рет келуім. Шымкентте болдым, Қызылордада және Астанада болдым. Бірақ ештеңе алған жоқпын. Әлі кішкентаймын. Үлкен болғанда бірдеңе алармын.

«Достық» спорттық сайысында Солтүстік Қазақстанның намысын 13 жасар Дарья Сальникова қорғауда. 60 метр қашықтыққа жүгіруден бірінші келген спортшы қашықтыққа секіруге дайындалуда.

Дарья Сальникова- «Жеңіс» Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі.

-Сайысқа бір жылдан артық дайындалдым. 60 метрге жүгіруде бірінші болып келдім. Бірақ, жалпы есепте үздік үштікке ілікпедім ғой деймін. Қорытындысы ертең белгілі болады. Қазір қашықтыққа секіреміз. Жергілікті команда бірінші орын алады деген ойдамын.

Келесі күні спортшы қыздар 500 метр қашықтыққа жүгіреді.

 

 

Акбопе Танирберген.