Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Айыртау ауданында болды

Ерік Сұлтанов: Солтүстік Қазақстан облысының әкімі .

-Елбасы поставил задачу, в среднем, урожайности добиться не меньше 25 процентов.

Егіншіліктен бөлек мал шаруашылығы да мықтап қолға алынуы тиіс, себебі бұл бағытта мемлекет тарапынан қолдау күшті.

Биыл айыртаулықтар 47 бірлік жаңа техника сатып алыпты. Ауа райы қолайлы болса, егіс науқанын 5-ші маусым күні аяқтаймыз деп отыр.

Едірес Жанапин – Айыртау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі.

-Адамдар 2 ауысым бойынша жұмыс істейді. Жалақылары 70-75 мыңнан шығады.

Егіншілік пен мал шаруашылығын қатар алып жүруге тырысып бағудамыз дейді мұндағылар. Мысалы, «Фирма Златогорка» ЖШС-нің еншісінде 500 ақ бас қара мал бар. Алдағы уақытта мал басын көбейтсем дейді шаруа қожалығының басшысы. Сонымен қатар, аталмыш серіктестіктің 10 мың га жері бар. 2 мыңын биыл парға қалтырған. Дәнді дақылдармен қатар майлы дақылдарды да сеуіп жатырмыз дейді. Техника мен жұмыс қолы жетерлік.

Хамит Шуматов – “Фирма” Златогорка” ЖШС бас директоры, Айыртау ауданы .

-4,5 мыңы – бидай, 2,5 мыңы – майлы дақылдар, 500-іне – чечевица. Қазіргі уақытта майлы дақылдар бойынша – 90 пайыз, дәнді дақылдар бойынша 65 пайыз жұмыстар атқарылды.

Айыртау ауданы – өңірде табиғаты көркем жерлердің бірі. Имантау көлінің маңайы табиғатының сұлулығына көз тоймайды. Жыл санап мұнда келетін туристердің саны артып келетін көрінеді. Аймақ жетекшісі “Солнечный Вип” демалыс орнының жағдайымен танысты. Ол 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Демалыс орны мезгіл таңдамайды. Яғни, қысы-жазы келем деушілерге есік ашық. Мұнда ағаш үйлер бар. Қазір тағы да құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ең бастысы, демалыс орнында пантомен емделуге мүмкіндік бар. Бұғының мүйізінен жасалған дәрілер қай дертке болсын шипа.

Осыдан алыс емес жерде “Ақбар” демалыс орны орналасқан. Ол 2008-жылы ашылыпты. Мұнда демалыс үйлерінен өзге үлкен мейрамхана да жұмыс істеп тұр. Қызмет түрлерінің бағасы да қалта көтетерлік. Ең бастысы орналасқан жері әсем.

Қазбек Хасейінов – «Ақбар» демалыс орнының бас директоры, Айыртау ауданы.

 

-Күніне 200 адамдай қабылдай аламыз. Демалуға барлық жағдайлар жасалған. Бөлмелерде ыстық су бар, душ бар. Бұл жерде қазір бізде 11 адам жұмыс істейді.

Отандық туризмді дамыту – Елбасы қойған міндеттердің бірі. Бұл бағытта Айыртау ауданы біршама оң істер тындырып жатыр. Өйткені, көршілес Ресей мен еліміздің басқа қалаларынан келген демалушылардың қатары жал санап көбейіп келеді.

Назерке Тұрсынова.